Маңғыстау облыстық энергетика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Айдос Хамиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдос Хамиев 1985 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған. Білімі жоғары.

Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС құрылыс шебері болып бастады.

2008- 2009 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.

2012 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

2012 – 2013 жылдары - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.

2013-2015 жылдары - Көкшетау қаласындағы ҚР Аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2018 жыл 5 тамыздан бастап Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар