Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовтың өкімімен, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Қанат Жұмабаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімдігінің Instagram парақшасы ресми мәлімет таратты.

Қанат Қошқарбайұлы 1976 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

Спорт жаттықтырушысы, дене шынықтыру оқытушысы, заңгер мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1999 жылы Түпқараған ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо және қазақша күрес тобының жаттықтырушысы болып бастаған.

2001 жылы Түпқараған ауданы дзюдо және қазақша күрес БЖСМ директорының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылға дейін мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында әртүрлі лауазымдарды, соның ішінде бөлім бастығы лауазымын атқарды.

2015 жылы Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болды.

2019 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар