Маңғыстау мешіттерінде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы мешіттерде жұма намазын өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның 24 ақпандағы шешіміне сәйкес 1 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл аймағында» 7 күн бойы орналасқан өңірлерде бір адамға 4 шаршы метр есебімен толымдылығы 30% дейін жұма намазын өткізуге рұқсат берілді»,-деді Мақсатбек Маханбетов.

Дегенмен жұма намазын өтеу үшін мешітке келушілерге қойылатын талаптар бар.

«Атап айтсақ, мешітке міндетті түрде бетперде тағып кіру, мешіт кіреберісінде арнайы антисептик пайдалану, дәретті барынша үйден алып келу, мешіт ішінде белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау, намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу, мешіт ішінде ұзақ уақыт қалмау, дене қызуы 37 градустан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдар мешітке келмеуі керек. Ал, жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс»,- дейді облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.


Соңғы жаңалықтар