Маңғыстау ауданында оттегі стансасы жасақталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы ең көп тұрғыны бар Маңғыстау ауданында коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан орталығы Шетпе кентінде шағын оттегі станциясы жасақталды. Ондағы баллондардан оттегі құбыр арқылы 70 кереуетке жетіп тұр. Қазіргі таңда толық дайын.

Дегенмен қажетілік туындамаған соң іске қосылмаған. Сондай-ақ, аудандық аурухана жөнделді.

Аурухана ғимаратының сырты толықтай сырланып, көлік тұрағы үшін асфальт төселді. Аурухананың жансақтау бөлімінің іші толықтай жөндеуден өтті.

«Ауданда коронавирустың екінші толқынына дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Сондай-ақ, жедел сатыдан бастап жансақтау бөліміне дейінгі жердің еденіне толықтай резеңке төселді. Ол оттегі баллондары мен басқа да керек-жарақ тасыған жағдайда кедергі келтірмейді. Аурухананың дәрілік қоры жеткілікті. Аудан көлеміндегі барлық дәріханалардағы дәрі-дәрмек есепке алынды. Қажетті дәрі-дәрмек артығымен келіп тұр»,- дейді Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов.

Соңғы жаңалықтар