Маңғыстау әкімі ет бағасына байланысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі ет бағасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райына байланысты жағдайлар өсімге әсер еткен жоқ. Иә, бағаның өсуі бар. Бірақ жыл сайын дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына ет Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан жеткізіледі. Яғни еттің басым бөлігі сол өңірлерден келеді», - деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, биыл болған қуаңшылық пен ет бағасының қымбаттауы бір-бірімен байланысты емес.

«Жергілікті атқарушы органдар бағаны негізсіз өсірмеу үшін тұрақтандыру қорын құрды және қажет болған жағдайда интервенция жасайды. Бағаларға және бағаның негізсіз өсуіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жедел шаралар да қабылдануда», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар