Мамырдың соңына дейін «Стелс-Омикрон» вирусы толықтай генетикалық секвенирленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамырдың соңына дейін «Стелс-Омикрон» вирусы толықтай генетикалық секвенирленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта анықталған вирустарды («Стелс-Омикрон») генетикалық деңгейде қосымша зерттеп жатырмыз. Мамыр айының соңына дейін вирустың аталған түрі толығымен генетикалық секвенирлеуден өтеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр «Стелс-Омикронының» қай қалаларда жиі тіркеліп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде ресми түрде 12 өңірде анықталып отыр. Негізінен сырқаттанушылық ірі мегаполистерде байқалады. Бұл халық тығыз қоныстанған қалаларға, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тән. Бұл қалаларда халықтың көші-қоны өте үлкен, халықаралық әуежай бар. Біз осымен байланыстырып отырмыз», - деді Ажар Ғиният.

Бұған дейін ол «Стелс-Омикрон» инфекциясы «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтетіндігін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар