Мамырда орташа айлық жалақы 232, 3 мың теңгені құрады – статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы мамырда Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 232 мың теңгеден астамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 124 132 (алдын ала деректер) теңгені құрады. Бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,9% артты.

2021 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 232 347 теңгені құрады», - делінген таратылған мәліметте.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2021 жылғы I тоқсанда 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы мамырдың соңына 222,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.


Соңғы жаңалықтар