Мамыр айында карантин талаптарын бұзғандар саны артты - Тимур Сұлтанғазиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бірнеше өңірінде үйдегі карантинін талаптарын бұзған адамдар саны айтарлықтай артқан.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирустық инфекцияға қатысты ағымдағы жағдай және Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алу мәселесіне қатысты өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үйдегі карантин талаптарын бұзу әрекеттері еліміздің бірнеше өңірінде көбейген. Алдын ала жасалған мониторингінің қорытындысы бойынша, 30 сәуір күні үй карантиніне жататын адамдардың 4% карантин режимін бұзған. Мамыр айында бұл көрсеткіш 29%-ға жеткен. Ары қарай құқық қорғау орындары тиісті шаралар қолданады», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында ары қарай да әлеуметтік қашықтық сақтау шараларын қолдана беру керек.

«Жедел респираторлы вирусты инфекция белгілері пайда болған жағдайда алдымен жедел жәрдем шақырып, карантин талаптарын сақтау керек», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар