МӘМС жүйесі: Коронавирустан жазылғаннан кейін оңалтудан қалай өтуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан ауырып, жазылғаннан кейін МӘМС жүйесі оңалтудан қалай өтуге болады. Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей», - дейді қор.

Сондай-ақ, қор медициналық оңалту функционалдық бұзылу

дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да

жүргізілуі мүмкін екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар