МӘМС: Халыққа қандай медициналық қызметтер көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағытында халық қандай медициналық көмек алады? Алматыдағы №36 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Венера Тохтахунова осы мәселе туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласы қазір үш деңгейлі жүйе бойынша медициналық көмек көрсетеді.

«Бірінші деңгей - медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету мамандарымен амбулаторлық, стационаралмастырушы және үйге бару арқылы көрсетілетін медициналық көмек. Екінші деңгей - амбулаторлық, стаициона алмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, сонымен қатар, бастапқы деңгейде көрсетілетін медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек және үшінші деңгейі - жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдану арқылы амбулаторлық, стационар алмастырушы және стационарлық тұрғыда бейінді мамандармен, оның ішінде, алғашқы және екінші деңгейдегі мамандардың жолдауы бойынша көрсетілетін медициналық көмек», - деді Венера Тохтахунова.

Маманның айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық көмек 2 пакетке бөлінген, бірінші пакет, сақтандырылған мүддесіне қарамастан барлығына арналған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және екінші пакет сақтандырылғандар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

МӘМС пакеті аударым және жарналар жүзеге асатын адамдарға: ҚР азаматтарына, ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын шет ел азаматтары (тұрақтанатын жері бар), ҚР аумағында үнемі тұрақтанатын, азаматтығы жоқ тұлғалар, қандастар, ҚР аумағында уақытша тұрақтанатын шет ел азаматтары мен олардың отбасы.

МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік тұрғыда бағдарланған. МӘМС өзіне жарнасы мемлекет атынан төленетін халықтың 15 жеңілдік санаты кіреді. Қазақстан заңына сәйкес, қорға жарна төлеуден: әскери қызметшілер; мемлекеттік арнайы органның қызметкерлері; құқыққорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

«Бүгінгі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен қызмет етуде. МӘМС тарапында барлық медициналық көмекті алу үшін қазірден бастап сақтандырылуымыз керек», - деді Венера Тохтахунова.


Соңғы жаңалықтар