+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Мамин ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты пысықтады

2019 жылғы 28 қараша 15:13
Бөлісіңіз:
Мамин ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты пысықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өткізілді, деп жазады primeminister.kz.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру бойынша бірлескен жұмыс топтарының энергетика, экология және мұнайгаз саласы, еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері туралы қызметі жөнінде «EY» компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, «Аджип Каспиан Си Би Ви» басқарушы директоры Н. Аггоджери, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда өткізу және маркетинг жөніндегі «КНАУФ» директоры Д. Пропп баяндады.

Отырыста Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларының іске асырылу барысы және «Шикізаттық емес экспортты дамыту» тақырыбында 2020 жылы өтетін 33-ші отырысына дайындық қаралды.

«Кеңестің алдағы пленарлық отырысының тақырыбы аса өзекті. Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай біз шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты көлемін $41 млрд-қа дейін жеткізу көрсеткішіне қол жеткізуіміз керек», - деп нақтылады А. Мамин.

Үкімет басшысы алдағы бесжылдық кезеңге инвестициялық жобалар пулының жалпы көлемі $120 млрд-қа жуықты құрайтынын айтты. Базалық индустрияландыру, АӨК, көлік, туризм және сауда-саттық инвестициялар өсімінің негізгі драйверлеріне айналады.

Шараға Кеңестің шетелдік мүшелерінің тұрақты өкілдерімен қатар, Үкімет мүшелері, «Атамекен» ҰКП және «Бәйтерек» ҰБХ АҚ» басшылығы қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT