+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мамандар егілген орманды интерактивті карта арқылы бақыламақ

2021 жылғы 15 маусым 13:25
Бөлісіңіз:
Мамандар егілген орманды интерактивті карта арқылы бақыламақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі егілген орманның интерактивті картасын іске қоспақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзен-көлдердің жағалауында рейд жүріп жатыр Атырау облысында тағы да балық қырылды Экологтар Қарағандыдағы су қоймасына рейд жүргізді

Бұл туралы вице-министр Әлия Шалабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Қазіргі уақытта егілген орманға мониторинг жасап, бақылау жүргізетін интерактивті карта құру мәселесі пысықталуда. Қазірдің өзінде «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясында орман екпелерін, заңсыз ағаш кесу фактілерін және орман қорының құрылымын мониторингілейтін платформа жұмыс істеп тұр. Ол жүйе орман шаруашылығы қызметкерлеріне қолжетімді. 1 қыркүйектен бастап осы жүйе негізінде орман алқаптарының цифрлық картасын түзіп, соның негізінде орман екпелерінің учаскелері, алаңдары мен тұқымдық құрамы көрсетілетін интерактивті картаны енгізіледі. Бұл картаны орман мекемелерінің қолданыстағы желісімен байланыстырамыз», - деді министрдің орынбасары.

Ведомсто өкілінің айтуынша, аталмыш интерактивті картаны қарапайым тұрғындар да мобильді құрылғылар арқылы тәулік бойы пайдалана алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT