Мамандар Алматыдағы Президент резиденциясы неліктен сүрілетінін түсіндірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі Алматыдағы Президент резиденциясын сүруге не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының атына БАҚ-тан қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қираған және өртенген Президенттің Алматы қаласындағы резиденциясын бұзу себептері жөнінде сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты (ҚазҚДКИ) сарапшыларының түпкілікті қорытындысы шыққан.

Олар резиденция ғимаратының «пайдалануға шектеулі жарамды» екенін анықтады.

Өрттің және аса жоғары температураның салдарынан барлық тіреуіш құрылымдары мен шатырдың негізі болып табылатын металл элементтері зақымдалған.

Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда объектінің құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді.

Ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту қомақты қаржыны талап етеді.

Сарапшылардың пікірінше, Резиденция ғимаратын қайта жабдықтап, оны пайдалану қауіпсіз емес.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сай осындай мәртебесі бар объектілерге қатысты талап етілетін, республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзуға қатысты барлық рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар