Мамандар «Алғабас» шағынауданында салынып жатқан үйлердің құрылысын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары «Алғабас» шағынауданында салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау ауданының 23 учаскесінде Ақын Сара көшесінен солтүстікке қарай, Момышұлы көшесінен батысқа қарай «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 23 көппәтерлі үй салынып жатыр. Жалпы алғанда ауданы - 50,8 мың шаршы метр. 740 пәтер пайдалануға беріледі. Мамандар мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан құрылыс барысын тексерді. Мердігер ұйымдарға бірқатар ескерту жасалды», - деді басқармадан.

Мұның алдында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің құрылысын тексеріп шыққан болатын.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Алатау ауданындағы «Зерделі» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Бұл үйлер мемлекеттік бағдарлама аясында салынған.

Кейін Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар