USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Малын қараусыз жібергендерге 36 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды

2021 жылғы 29 қараша 11:37
Бөлісіңіз:
Малын қараусыз жібергендерге 36 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 10 айында малын қараусыз жайылымға жібергендерге 36 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетілуде - ІІМ Төтенше жағдай кезінде тәртіпті қамтамасыз еткендерге 150 мың теңге берілді - Ерлан Тұрғымбаев Елімізде полицияның әрекетіне қатысты қанша шағым келіп түсті

«Ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі - мал ұрлығына қарсы іс-қимыл. Осы қылмыс түрі ауыл тұрғындарына айтарлықтай материалдық және моральдық зиян келтіреді. Мал ұрлығына қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін ІІМ заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар қабылдауда», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, ІІМ бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдарға мал жаю қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзырет берілді. Оған сәйкес малды бақылаусыз жайылымға жіберуге тыйым салынады.

«Осы жылдың 10 айында ғана мұндай бұзушылықтар үшін 36 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды», - деді Нұрділдә Ораз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT