+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Мақтааралға көмекке 200 Өзбекстан азаматы мен арнайы техникалар келіп жетті

2020 жылғы 6 мамыр 16:08
Бөлісіңіз:
Мақтааралға көмекке 200 Өзбекстан азаматы мен арнайы техникалар келіп жетті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Су тасқыны болған Мақтаарал ауданына көмекке Өзбекстан азаматтары мен арнайы техникалар келіп жетті. Бұл туралы өңірлік әкімдік қызметкерлері Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат болған аймақтағы жедел штабтың ақпараттық бөлімі маманы Қанат Байсовтың айтуынша, көрші елден 42 арнайы техника мен 200 адам келген. Техникалардың арасында су сорғыш, бульдозер және бөгет салуға қажетті түрлері бар. Сондай- ақ өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізбек. Сонымен қатар тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Жұмысшылар өздерімен бірге ас-ауқаты мен жанар-жағармайын да ала келіпті. Олар мұның бәрі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сай атқарылып жатқан шара екенін жеткізген. Шетелдік көмекшілер ертеңгі күні тағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына қосымша жұмысшылар келетінін және қажетті құрылыс материалдар жеткізілетінін мәлім еткен.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар мамандармен өзбек еліне барып, су тасқыны мәселесі бойынша келіссөздер жүргізген болатын. Ал, күні кеше Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиёев «көрші Мақтаарал ауданын су шайып кеткенін және апат салдарын жоюға көмектесеміз» деп уәде берген еді.



фото: facebook.com
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT