Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына 800 жергілікті тұрғын тартылды

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінде су басқан елдімекендердің тұрғындарына үй салып жатқан құрылыс компанияларында 1475 азамат жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа баспаналардың құрылысы жұмыстарына 800-ден астам жергілікті тұрғын тартылған. Қазіргі сәтте тағы 43 бос жұмыс орны бар. Ол жұмыстарға да жергілікті тұрғындарды тарту жоспарлануда. Мақтааралдықтарды жұмыспен қамту мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан аудан орталығында мобильді орталықтар жұмыс істеуде. Бірінші мобильді орталық Жаңатұрмыс, Жеңіс, Өргебас, Достық және Фердоуси ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Екінші топ Нұрлытаң, Жайлыбаев, Шұғыла және Жантақсай ауылдарында. Үшінші орталықтың қызметкерлері Мырзакент, Нұрлы жол, Арайлы және Ақжол ауылдарының тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолғабыс етуде. Мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтардан жұмысқа орналасуға өтініштер қабылдауда.

Сонымен қатар, аудан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шараларымен 459 адам қамтылған. Оның ішінде 85 азамат су басқан елді мекендердің тұрғындары болып табылады.


Соңғы жаңалықтар