Мақтааралдағы ауылдардан тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Топан судан құлаған үйлер сүріліп, аумақ күл-қоқыстан тазартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елді мекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елді мекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

Сондай-ақ, сарыағаштықтар Достық елдімекенін де ретке келтіруде. Аталған аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен 20 қызметкер 3 арнайы техникамен бірқатар жұмыстарды атқарған. Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елдімекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, қираған баспаналарды бұзу жұмыстары жалғасуда.


Қазіргі таңда орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда. Айта кетейік, тазарту жұмыстарына тартылған 2377 азаматтың 1500-нан астамы эвакуациялық пункттерге жайғасқан. Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар