Мақтааралда салынып жатқан жаңа үйлердің шатыры жабыла бастады

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үй салынып жатыр. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен салынуда. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынады. Сонымен қатар, жаңа ауданда су астында қалған ауылдардың мүлдем баспанасы жоқ 28 отбасы үшін үй салынады. Олар осы уақытқа дейін монша, бала-бақша мен апатты жағдайдағы жатақхананы паналап келген.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ.

Өмірзақ Шөкеев су басқан егістік алқаптардың бүгінгі жайын тексерді. Соңғы мәліметтер бойынша, су жалпы ауданы 5, 8 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына зақым келтірген. Оның 85 пайызы - мақта алқабы. Бүгінде 2,3 мың гектарға, яғни 40 пайыз алқапқа мақта егілді. Калғанына

бақша дақылдары, күріш, жүгері өсіріледі. Мүлдем жарамсыз күйге түскен егістік иелеріне өтемақы төленеді.


Соңғы жаңалықтар