Мақтааралда ана мен бала денсаулығына қатысты жиын өтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Елімізде ана мен бала өлімін төмендету мақсатында іске қосылған Денсаулық сақтау министрлігінің «Әмбебап прогрессивті патронаждық модуль» бағдарламасына сәйкес Түркістан облысы Мақтаарал ауданында алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы медбикелік күтімнің қазіргі заманғы жүйесі» атты семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Нурхан Нарымбетова, құқық қорғау органдары мен аудандық дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында сөз алған Нурхан Нарымбетова «Әмбебап прогрессивтік патронаждық модуль» бағдарламасы бойынша жүкті әйел мен 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын бақылау мақсатында екі пакет жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

«Олар - универсалды және прогрессивті пакеттер. Универсалды патронаждық модель пакеті бойынша дені сау, яғни күнделікті бақылауды қажет етпейтін жүкті әйелдер мен балалар қаралады. Ал, прогрессивті патронаждық модель пакеті аясында әртүрлі қауіпті топтарға кіретін жүкті әйелдер мен 0-5 жастағы балалардың денсаулығына және жалпы жағдайына кері әсер ететін жағдайларға сектораралық мамандардың бақылауымен және көмегімен жүргізілетін жұмыстар іске асырылуы тиіс» - деді Н.Нарымбетова.

Баяндама барысында Н.Нарымбетова әмбебап-прогрессивті модельдің қажеттілігіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар