+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Мақтааралда 1300 отбасы 1 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы алған

2020 жылғы 23 мамыр 18:14
Бөлісіңіз:
Мақтааралда 1300 отбасы 1 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы алған

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Әлишер Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның есепшотына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаевтың айтуынша, тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының басым бөлігі таратылған. Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған 13 ауылдың тұрғындарына қаржы алдағы күндері аударылмақ.

«Атап айтқанда, 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі өтемақы Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай, Нұрлы жол, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас, Арайлы, Ақжол ауылдарының тұрғындарына үлестірілуде. Ондағы халықтың тек мекенжай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын басқа құжаты болуы керек», - деді басқарма басшысы.


Айта кетейік, бұған дейін Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінде тұратын әр отбасына Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден берілетіні айтылған болатын. Бұл мақсатта Үкіметтен 650 млн теңге бөлініп, қаражат 846 үйдің 6128 адамына төленеді деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT