Мақтаарал ауданында «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті

None
None
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» кездесуі өтті.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы түсіндіріліп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Сейдулла Исмаилов пен Шымкент қаласындағы Н.Назарбаев мектебінің «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Мәди Бейсенов, ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның директоры Сүндет Кенжебаев пен ауданның ардагерлері, әкелер мектебінің төрағалары мен ерікті жастар қатысты.

Басқосуда сөз алғандар аталған бағдарламаның бірнеше бағыттары бойынша баяндама жасап, жергілікті халықтың сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 3 жыл толды. Мақала жарияланған күннен бастап облыстық, аудандық деңгейде маңызды шаралардың жоспары әзірленіп, олар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған дәлел - Түркістан облысының мақаладағы мақсаттардың орындалуы бойынша Республикада алдыңғы орынға шығуы. Бағдарламаның жоспарына сәйкес «Түркістан төрінде» жобасы, «Jas Turkistan – 2019» марафоны, «Ұлы Даланың Түркістаны» фото экспедициясы, «Тарихы терең Түркістан» ақпараттық турлары, «Алтын ұям» жобалары республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында тарихи кинолар, анимациялық фильмдер, өңірдегі ақын-жазушылардың 10 томдығы және тарихи бағыттағы бірнеше туындылар қалың көпшілікке жол тартты.


Соңғы жаңалықтар