+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Мақтаарал ауданында 200 шақырым жол жөндеуден өтіп жатыр

2020 жылғы 24 қазан 06:21
Бөлісіңіз:
Мақтаарал ауданында 200 шақырым жол жөндеуден өтіп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес бірқатар ауданда жол сапасын арттыруға басымдық беріліп отыр. Мақтаарал ауданында 196,9 шақырым жол мен елдімекен көшелеріне асфальт төселіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аталған ауданда республикалық маңызы бар 61 шақырым 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 22 шақырымы аудан аумағында болған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылуда.

Ал, облыстық маңызы бар 61,2 шақырымдық 7 жол орташа және ағымдағы жөндеу бойынша ретке келтірілді.

Аудандық маңызы бар 74,7 шақырымдық 56 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр.

Сонымен қатар, аудандағы 94 топырақ көшеге тас төселді. Жыл соңына дейін мұндағы көшелер толық пайдалануға берілмек.

Аталған жұмыс нәтижесінде Мақтаарал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу жоспаранып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT