Максим Бакиевтің 200 млн долларын Қырғызстанға қайтару процесі басталды

None
None
БІШКЕК.КАБАР –ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Алексей Ширшовке тиесілі «Дастан» корпорациясының 100 пайыз акциясы және Максим Бакиевтің дүние-мүлкі мемлекет меншігіне өтуі тиістігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «КАБАР» агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Садыр Жапаров «Дастан» ТҰК» ААҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы А.Ширшовтың ұсталуы туралы мән-жайды айтты.

«А.Ширшов туралы халыққа толық мәлімет беремін. Біздің жұмысымызда жасырын ештеңе жоқ. Осыдан 6-7 ай бұрын А.Ширшов көмекшілерім арқылы хабарласты. Олар маған оны қабылдауды сұрағанын айтты, ол Максим Бакиевтің 200 миллион доллары бұғатталып жатқан банкті тапқанын айтыпты. Мен оның Қырғызстанда бар-жоғын сұрадым, оған шетелден телефон арқылы хабарласқанын айтты», — деді Садыр Жапаров.

Президент Бас прокуратураға, МҰҚК және ІІМ-ге 2010 жылы оған қатысты қылмыстық істердің не үшін және қандай істер бойынша қозғалғанын білу туралы дереу нұсқау бергенін атап өтті. Нәтижесінде А.Ширшовке қатысты бірде-бір қылмыстық іс қозғалмағаны, оған іздеу жарияланбағаны белгілі болған.

Сол күні сол 200 миллион долларды қайтару жұмыстары басталды. Содан бері бұл жұмыстың 60-70%-ы орындалған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылдың 20 наурызында республикалық бюджетке Максим Бакиевтің 4,5 млн доллары қайтарылған.


Соңғы жаңалықтар