Мақпал Жұмабай: Суперқаһармандарсыз балалардың бетін қазаққа қарату қиын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай «Balapan» телеарнасы – Тәуелсіздіктің ең үлкен сыйы деп есептейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 10 жыл бұрын «Balapan» телеарнасы ашылған болатын. Мен жалпы, «Balapan» телеарнасы – Тәуелсіздіктің ең үлкен сыйы деп есептеймін. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын қазақтың сапалы жаңа буыны қалыптасты. «Balapan» телеарнасы ашылғалы бері 67 анимациялық жоба шықты», - деді Мақпал Жұмабай «Отбасы күні» аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел отырысында.

Телеарна басшысы анимация саласына жеке тоқталды. Оның айтуынша, баланың зейініне, санасына төте жетудің жолы – анимация.

««Balapan» телеарнасы ашылғалы бері көлемі 18 мың минутқа жетерлік 67 анимациялық жоба жарияланды. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Мысалы қоғамда әртүрлі бастама бар. Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі деп жатырмыз. Биыл «Balapan» телеарнасында соны үйрететін жоба жарыққа шыққалы отыр. Ұлттық суперқаһармандар дейміз, суперқаһармандарды жасамай, балалардың бетін қазаққа қарату өте қиын. «Balapan» арнасы бұл жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатыр. Балаларыңыз бен немерелеріңізден сұрап көріңіз – олар қазір Айдар болып, Ертемір болып ойнайды», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар