Маховка өзенінде балықтың неден қырылғаны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ШҚО Маховка өзеніндегі балық су алабының тартылуынан қырылды. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Кожиков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған су алабы бойынша тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Судың ластануы туралы дерек анықталған жоқ. Балықтардың қырылуы өзеннің тартылуы салдарынан болған. Сондай-ақ қыс мезгілі аяқталғаннан кейін ұсақ балықтарға оттегі жетіспейді. Осындай себептерге байланысты аса ірі көлемдегі шығынға жатпайтын балық қырылды Ал тұрғындарды алаңдатқан өзеннің жасыл түске боялуы – ол табиғи құбылыс. Сәуір және мамыр айларында су асты өсімдіктері түлеп, арнайы бояу бөледі», – Ерболат Кожиков.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Маховка өзенінде балық қырылған еді.


Соңғы жаңалықтар