Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үкіметтікемес ұйымдар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында өзекті мәселелерді анықтау, талқылау, шешу жолдарын қарастыруға

арналған шараға 50-ге жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері мен облыстық әкімдік басқарма

басшылары қатысты. Фасилитация форматында өткен шара үш сессиядан құралды.

Топ-топқа бөлінген қатысушылар ең соңында облыстың дамуына үлес қосып, түйткілді

мәселелерді шешуге бағытталған үздік жобаларын облыс әкімінің назарына ұсынды.

Жобаларды оң бағалаған аймақ басшысы олардың жүзеге асуын қамтамасыз етуді тиісті

органдарға тапсырды.

«Мемлекеттік мекемелермен бірігіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын түрлі қоғамдық

шараларды ұйымдастырып, спорттық, танымдық, әлеуметтік жобаларды іске асырып

жатырсыздар. Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі үкіметтік емес

ұйымдармен тығыз байланысты. Осы жұмыстарыңыз арқылы өңіріміздегі азаматтық

қоғамның дамуына, ұрпақ денсаулығының оңалуына, экологияның жақсаруына және

әлеуетіміздің артуына себеп болатындарыңызға сенімім мол» -деді облыс әкімі Махамбет

Досмұхамбетов.

Сондай-ақ әкім кездесудің нәтижесі аймақта қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге,

атқарушы органдардың қызметіне тың серпін беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеруге

септігін тигізетінін атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова биыл жергілікті бюджеттен мемлекеттік

әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 14 бағыт бойынша 734 452 880 теңге қаржы бөлінгеніне

тоқталды. Соның негізінде білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру, спорт,

азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны

қорғау мен жастар саясаты т.б салаларды іргелі жұмыстар жасалған.

«Коронавируспен күресте үкіметтік емес ұйымдар ерекше белсенділік танытып, бір

жұдырықтай жұмылып, халыққа көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз»,- деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысында 667 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 543-і – Атырау қаласында,

ал 124-і аудандарда жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар