Махамбет Досмұхамбетов: Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын үнемі бақылап отырмыз

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азық-түлік бағасына бақылау жасау үшін бірнеше сауда орны мен базарды аралап шықты. Бұл туралы әкім Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, бұған тұрғындардан түскен «кейбір жерде азық-түлік бағалары өсті» деген шағым себеп болған.

«Халыққа ең қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлар – үнемі бақылауымызда. Облыстық тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер қаламыздағы «Сарайшық», «Дина», «Көктем» мен «Насиха» сауда орындарының ішіне төмен бағамен сатылуда. Бұдан тыс әр апта сайын қала мен аудандарда жәрмеңкелер өткізілуде. Облыстық тұрақтандыру қорына қосымша қаржы бөлдік. Ол тұрғындарды ең қажетті 12 түрлі азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады» деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкім сын сағатта елдік мүддеден гөрі қалтасын қампайтып қалуды көздейтіндер туралы да айтты.

«Шектен шыққандарға қатаң санкция қолданылатыны үкіметтік деңгейде айтылды. Елге дұрыс қызмет ету үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласына көп жеңілдік жасалуда. Ең маңызды тауарлардың бағасын күнделікті қадағалауда ұстаймыз. Облыстық тұрақтандыру қорына қажет болса, тағы да қаржы бөлеміз», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар