Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысы тұрғындарына Экологиялық кодексті таныстырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кеншілер өңірінің тұрғындарына жаңа Экологиялықкодекс жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртау қаласында облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының, саладағы сарапшылар және жергілікті қоғам белсенділерінің қатысуымен жаңа Экологиялық кодексті түсіндіру жөніндегі кеңес өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз жаңа Экологиялық кодекстің нормалары қалай іске асырылып, өңірдің экологиялық жағдайын қалай жақсартатынын түсіндіру үшін Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуді ұйғардық. Соңғы екі жыл ішінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Ол экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесін ескере отырып әзірленді. 2021 жылғы 2 қаңтарда жаңа Экологиялық кодекске Мемлекет басшысы қол қойды. Кодекстің маңыздылығы - оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысын реттеу сияқты қоғамның барлық мүдделерін әсер ететіндігінде», - деді Мағзұм Мырзағалиев жиын барысында.

Министрдің айтуынша, Экологиялық кодекс Қазақстандағы және Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі құралына айналмақ.


Соңғы жаңалықтар