Мағзұм Мырзағалиев экология жол картасы қандай нәтижеге жеткізетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық жағдайды жақсартуға бағыттадған 17 жол картасы қандай нәтижеге жеткізетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде экологиялық проблемаларды шешу кешенді шараларды және едәуір уақытты талап ететінін ескере отырып, 17 жол картасында көрсетілген іс-шаралардың толыққанды орындалуы бірқатар оң нәтижеге әкеледі. Атап айтқанда 10 қалада атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендейді. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 15%-дан 30%-ға дейін жеткізуге, 24 жаңа полигонды салу және толып кеткен бес 5 полигонды қалпына келтіруге және жоюға жол ашады», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл құжат аясында ежелден ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға, 7 жаңа кәріз тазарту кешенін салу және 12 кәріз тазарту кешенін қайта жаңғыртуға болады.

Одан бөлек елді мекендерде 15 млн және орман алқаптарында 2 млрд ағаш егуге мүмкіндік туады.

Министр осы жоспарды орындау үшін Үкімет басшысынан әкімдерге осы шаралардың іске асырылуын тапсыруды сұрады.

Соңғы жаңалықтар