Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Испания астанасындағы жарылысқа қатысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша 15:00 шамасында Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланыста.

Қазіргі кезде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар