Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі кешегі Мадридтегі жарылысқа қатысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кешегі Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ» деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Еске сала кетейік, кеше Мадридте болған жарылыстан кем дегенде 4 адам қаза тапты. Ғимараттың жоғарғы төрт қабатына зақым келген.

Полиция қоршап алған оқиға орнына Мадрид өрт сөндіру бөлімінің 9 бригадасы келіп жетті.

Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігі жарылыс бойынша мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауға кіріскен болатын.



Соңғы жаңалықтар