Мадридте Қазақ әдебиеті мен өнерінің орталығы ашылды

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испания астанасында Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасында Қазақ әдебиеті мен өнер орталығының (Бұрышы) ашылу рәсімі өтті. Шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні меркесіне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов шетелде қазақ әдебиеті орталықтарын ашу жобасы қоғамдық сананы трансформациялау бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жуырдағы бағдарламалық мақаласы «Рухани жаңғыру» бастамасының жалғасы екендігін және Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын өзектендіруге ықпал ететініне назар аударды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры У. Мұңалбаева, AECID Мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директоры М. Альберо, AECID кітапханасының директоры М.А. Гарсия Мартин, агенттіктің қызметкерлері, Испанияның жоғары оқу орындарының өкілдері, испан тіліндегі казақ поэзия мен прозасы «Антология» жобасының қатысушылары, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Шара соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасы арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

null 

Соңғы жаңалықтар