Мәдени демалыс: осы аптада елордада қандай іс-шаралар өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада елордалықтарды кез келген жастағы жандарға арналған қойылымдар, көрмелер, танымдық дәрістер мен концерттер күтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5 сәуір сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Сол бір кез» ретро-концертіне шақырады. 8 сәуірде «Астана» концерт залында «Шығыс бояулары» бағдарламасы бар симфониялық оркестр өнер көрсетеді.

8 сәуір күні кешке М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры М.Ладоның «Очень простая история» әңгімесі қойылады. 9 сәуір күні сағат 11:00-де жас көрермендер үшін Астраханцев ауылының «Братец Лис и братец Кролик» ертегісінің көрсетілімі өтеді. Сол күні кешке М.Макдонахтың «Человек-подушка» детективін көруге болады.

5 және 6 сәуірде «Жастар» театрында Ж.Әлікеннің «Күйеу бала» драмасының премьерасы өтеді. 7 сәуір күні сағат 12:00 және 14:00-де «Ұрпақ, тоқпақ!» ертегісі көрініс табады. Ал ертеңінде көрермендер Н.Гогольдің «Ревизор» трагифарсын көре алады. 9 және 10 сәуірде театр әртістері Б.Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін орындайды.

Елордалық қуыршақ театры үш күн бойы – 8, 9 және 10 сәуірде – «Жаңғырық қалай пайда болды» атты жапон халық ертегісіне шақырады.

Музыкалық жас көрермен театры 10 сәуір күні сағат 19:00-де «Өлі жандар» траги-фарс қойылымын ұсынады. Сол күні NOMAD City Hall сахнасында О.Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы көрсетіледі.

Елорданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осы аптада дәстүрлі түрде күнделікті өз оқырмандары үшін ағартушылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырады.

5 сәуір күні сағат 12:00-де Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» бағдарламасы аясында «Біздің Елтаңба» әдеби әңгіме, 6 сәуір – «Жазда достармен бірге кітап оқу сәнді» тақырыбында әңгіме, 8 сәуір – «Балалардың қолымен ғажайыптар жасалады» кітап қойылымы өтеді. Сондай-ақ, 5 сәуірде № 8 балалар кітапханасы «Хорошие книжки писал дед Корней!» ертегілік панорамасы ұйымдастырылады. Күндіз №4 бұқаралық кітапханада «Нашақорлық–ғасыр дерті» атты кездесу сағаты өтеді. № 2 бұқаралық кітапхана оқырмандарын 7 сәуір күні сағат 12:00-де «Адалдық, парасаттылық – адамның белгісі» тәрбие сағатына шақырады. Сонымен қатар, 8 сәуірде №4 балалар кітапханасының ұжымы Ғабит Мүсіреповтің жеке басы мен шығармалары туралы баяндайтын «Таланттың жарқын жұлдызы» шығармашылық портретін ұйымдастырады. 9 сәуірде №4 балалар кітапханасында «Звездный путь во Вселенную» ғарыштық панорамасын көруге болады.

Апта бойы 5-9 сәуір аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін №15 бұқаралық кітапханада шахмат, арт-терапия, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіледі.

Сәрсенбі, 6 сәуірде елорданың Біріккен музейлер дирекциясының бөлімшелері 4 онлайн іс-шара өткізеді. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Роза Бағланова – Қазақстан сахнасының аңызы» дәрісін ұйымдастырады, ал Сәкен Сейфуллин музейінің әлеуметтік парақшаларында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов – кемеңгер тұлға» атты зерттеушілермен кездесу өтеді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының аккаунттарында «Роза Бағланованың шығармашылығы» атты дәріс өткізіледі, ал «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының өнер галереясында «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» атты ашық сабақ өтеді.

7 сәуірде Сәкен Сейфуллин музейінде Алашорда батырларының «Алаш зиялылары» естелігінің онлайн-фотосуретін көруге болады.


Соңғы жаңалықтар