+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Мəдениет министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады

2020 жылғы 12 мамыр 10:15
Бөлісіңіз:
Мəдениет министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік осы жылдың 23 наурызынан бастап ел тұрғындарын рухани, мәдени тұрғыдан байыту, әртүрлі жастағы азаматтардың спорттық белсенділігін қолдау мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы ретте мәдениет, спорт, туризм саласы мамандарының ұйымдастыруымен өткен дәріс, вебинар, онлайн-концерт («Карантиндегі жұлдыз» «Қазақтелеком» АҚ бірлескен жоба), онлайн-конкурс («Өнерлі өрен» балаларға арналған республикалық конкурс), виртуалды экскурсия, балаларға арналған ертегілер, белгілі атлеттермен өткізілетін жаттығулар, қашықтан және онлайн режимдегі спектакльдер мен фильмдерді айта кеткен жөн.

«11 мамырда Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, індет бəсеңсімей тұрған кей өңірлерде сақтық іс-шаралары жүргізіле беретінін айтқан еді. Осыған байланысты министрлік онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады. Бүгіннен бастап ел тұрғындарына күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады, - деп атап өтеді Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, таңғы сағат 08:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен танымал спортшы, бапкерлердің қатысуымен таңғы жаттығу өтеді. Елге есімі таныс атлеттер жалпы халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап, осы бағытта елеулі үлес қосып келеді.

«Ертегілер əлемінде» атты бағдарлама сағат 12:00 мен 20:30-да Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан эфирге шығады. Еліміздің үздік театр актерлері балалармен қиял-ғажайып əлеміне саяхаттайды.

Сағат 14:00-де #óneronline #оnlinedabol хэштегімен мəдениет, өнер тақырыбында онлайн-дəрістер өтеді. Бұл шеберлік-дәрісін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасынан тамашалай аласыздар.

Ал сағат 18:00-де Қазақстанның маңдай алды балет ұжымдары озық қойылымдарын Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасында тарту етеді.

20:00-де Танымал əншілеріміздің Мəдениет жəне спорт министрлігінің алтын қорындағы концерті мен опера майталмандарының өнеріне Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан куə бола аласыздар.

Айта кетейік, карантин кезінде көпшіліктің жоғары бағасына ие болған Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген «Карантиндегі жұлдыз» онлайн-жобасы аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT