М.Әшімбаев: Бұл күн - батырлық пен батылдықтың, сабыр мен төзімнің мерекесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев барша қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бұл күн - батырлық пен батылдықтың, сабыр мен төзімнің, қажыр мен қайраттың мерекесі және Отан үшін отқа түскен аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктеріне көрсетілген құрметтің белгісі. Елімізде сол бір сұрапыл жылдардың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Біріміздің атамыз, біріміздің әкеміз, енді біріміздің ағамыз соғысқа аттанып, Ұлы Жеңіс күнін жақындатты. Сондықтан біз алдыңғы буынның ерліктерін ешқашан ұмытпай, үнемі өскелең ұрпаққа айтып, дәріптеуіміз керек", - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемен ел болуына да ардагерлердің ерліктері мен еңбектерінің тигізген ықпалы орасан зор екеніне баса назар аударды.

"Сол себепті бұл күннің елдік мүдде тұрғысындағы маңызы мен мәні терең. Осынау қастерлі күнмен баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық пен береке-бірлік тілеймін! Әрдайым аспанымыз ашық болып, еліміз гүлденіп, көркейе берсін!", - деп тілегін жеткізеді М.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар