Лукашенко шенеуніктерге өздерінің барлық туыстарын жұмысқа орналастыруды талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко шенеуніктерге өздерінің барлық туыстарын жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұл туралы "РИА Новости" агенттігі хабарлады. 

Ол Минискіде бейсенбі күні «арамтамақтар салығына» қатысты кеңес өткізе отырып, шенеуніктердің туыстарына бұл салықты төлеуге және онымен бірге, жұмыссыз отыруға болмайтынын атап өтті.

Президент: «Егер әйелі мен нақсүйері сырқат болса - емдейміз. Ал егер олар еңбекке қабілетті болса, онда жұмысқа орналастырыңдар», - дей отырып, әзірге нақты есімдерді атағысы келмейтінін қосып өтті.

Лукашенко бұл талаптың орындалуы барысы жөнінде 1 сәуірден кейін баяндауды жүктеді.

Айта кетейік, аталмыш декретке Беларусь президенті Александр Лукашенко 2015 жылы қол қойған болатын. Оған сәйкес, еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін, сондай-ақ соңғы алты ай бойы салық төлемейтін республика тұрғындары жыл сайын 250 доллар көлемінде салық төлеуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

12 ақпан күнгі мәліметтер бойынша, Беларусь билігі 470 мың азаматқа аталмыш салықты төлеу жөнінде ескертпе-хабарландыру жіберген, оны 54 мыңнан астам «арамтамақ» төлеген.

Ал 2017 жылдың 20 ақпаны күні Беларусьтың бірнеше қаласында «Әлеуметтік масылдықтың алдын алу туралы» декретіне қарсы санкцияланбаған ереуілдер өтті.  

Соңғы жаңалықтар