Лондонда жарылыс болып, 30 адам зардап шекті

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонның солтүстігіндегі Стэмфод Хилл ауданында болған жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды Daily Express.

Басылымның мәлімдеуінше, оқиға от жағылып тойланатын Лаг ба-Омер еуропалық мерекесін атап өту үшін көп адам жиналатын ауданда болған.

Бір нұсқа бойынша, жарылыс тойлаушылардың алауға лақтырған ұялы телефондары салдарынан болуы мүмкін. Тағы бір нұсқа бойынша, жарылыстың шығуына отты тұтандыратын жанғышты абайсыз қолдану себеп болған.

Daily Express дерегі бойынша, 30-ға жуық адамды күйік шалып, түрлі жарақат алған.  Оның ішінде 10 адам оқиғадан кейін бірден ауруханаға жеткізілген, қалғандары сол жерде қаралды.

Оқиға орнындағы видеода от жағылғаннан кейін жарылыс болып, жалын оған бірнеше метрде тұрған адамдарды шарпығаны көрініп тұр. 

Соңғы жаңалықтар