Лондонда басталған «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» велошеруі Нұр-Сұлтанда мәреге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында басталған «Beibitshilik jane birlik. Peace and unity» халықаралық велошеруі бүгін қазақ елінің елордасы Нұр-Сұлтан қаласында мәреге жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Велошеру командасы Қазақстанда тұратын 6 ұлттың өкілдерінен құралған. Оның құрамында Қазақ Географиялық қоғамы жобасының менеджері Дәулет Омаров, триатлет, жартылай марафоншы, хоккей спортындағы әуесқой лиганың ойыншысы Азамат Атантай, әуесқой спортшылар Марина Варибрус, Ділмұрат Рахматуллаев, Михаил Лим және фотограф Балжан Балташева болған. Олар велосипедпен 7 елдің 55 қаласында болып, 6000 шақырымдық жолды жүріп өтті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Германия, Польша, Беларусь пен Ресейдегі Қазақстанның елшіліктерінде сол қалаларда тұратын қазақ этностарының және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірқатар кездесу өткізген. Аттанар алдында велошабандоздарды Лондонда және Солтүстік Ирландияда тұратын қандастарымыз бен қазақ студенттері шығарып салған екен.

Биылғы жастар жылына арнап «Қазақ Географиялық қоғамы» Kazakh Geographic Society» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған велошеруге қатысушылар елорда күніне орай бас қаладағы «Сарыарқа» велотрегінің алдынан Қабанбай батыр даңғылымен Ұлы дала көшесіне бұрылып, одан оңға қарай Ақмешіт көшесімен жүріп, EXPO қалашығының №9 финиш қақпасынан өтіп, ауқымды жобаны түйіндеді.

Салтанатты шара одан әрі EXPO қалашығының сахнасында жалғасын тапты. «Қазақ Географиялық қоғамы» Kazakh Geographic Society» қоғамдық бірлестігінің президенті Төлеген Тастанбеков пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов жиналғандарды елорда күнімен құттықтады.

Айта кетсек, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық велошеру Қазақстанның бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен басталған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар