Ломбарды 21 млн теңгеге тонаған қарақшы үш жылдан кейін ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Теміртау қаласында ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы үш жылдан кейін Жамбыл облысынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қарақшылық жасағаны үшін 2018 жылдан бері Қарағанды қаласында іздеуде жүрген 49 жастағы қылмыскерді ұстады.

«Ұсталған азамат 2017 жылдың шілдесінде Теміртау қаласының ломбардына қарақшылық шабуыл жасаған. Жеңіл табыстың соңына түскен қарақшы 21 миллион теңгені қолды қылған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Қарағанды облысына жіберілетін болады», - дейді Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Мәдімаров өз сөзінде.


Соңғы жаңалықтар