+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

Литвада Абай мен әл-Фараби туралы кітаптар таныстырылды

2020 жылғы 21 ақпан 22:00
Бөлісіңіз:
Литвада Абай мен әл-Фараби туралы кітаптар таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігімен және Литваның «Жара» баспа үйімен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай XXI Халықаралық Вильнюс кітап көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігі мәлім етті.

«Литвалық оқырмандардың назарына Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің және қазақ ағартушысы Абай Құнанбайұлы туралы жазылған елуден астам кітап ұсынылды», делінген аталған хабарламада.

Көрме барысында Қазақстан және Литва арасында серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың 7 қыры» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында ғылыми және көркем әдебиет саласындағы бірлескен жобалар жүргізу туралы келісімшарттарға қол қойылды.

Халықаралық Вильнюс кітап көрмесі Балтық елдерінде ең ірі және маңызды кітап көрмесі болып саналады.

4 күндік көрмеде 500-ден астам мәдени іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланып, Литва және мемлекет аумағынан 60 000-нан астам көрермен келеді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT