Литва апелляциялық соты Әблязовтың балдызын Қазақстанға беруден бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жабық отырыста Литва апелляциялық соты қазақстандық БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың туысы - Сырым Шалабаевты Қазақстан мен Украинаға беруден бас тарту жөнінде нақты шешім қабылдады.

Судья Сигита Беляусканенің айтуынша, Қазақстан азаматы Сырым Шалабаевты бермеу туралы Вильнюс аймақтық соты шешімінің күшін жоюды сұраған прокурорлар шағымын қарап шыққан апелляциялық сот аймақтық сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды ұйғарған, деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен бірге, ол соттың нақты шешімі талқылауға жатпайтынын атап өтті.

5 шілде күні Литва Бас прокуратурасы ақша жымқырды деп күдіктелген Сырым Шалабаевты Қазақстан мен Украинаға бермеу туралы Вильнюс аймақтық соты шешімінің күшін жоюды сұрап, апелляциялық сотқа шағым түсірген еді.

Шалабаевты екі жылдан астам уақыт Интерпол іздестірді. Өткен жазда «Арас» жедел-іздестіру жасағының қызметкерлері Шалабаевты Литвада ұстады. БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың балдызы Әблязовпен және басқа да адамдармен бірігіп, Қазақстанда, Украинада, Ресейде бірнеше миллиард доллар болатын мүлікті жымқырған.

Шалабаевтың уақытша тұруға рұқсат алған барлық туысы Литвада тұрады. Вильнюсте Шалабаевтың тұрғылықты тұратын жері бар. 

Соңғы жаңалықтар