Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

None
None
ЛИОН. КазАқпарат – Жексенбіде Лион қаласындағы (Францияның орталық бөлігі) Вэз орамының тұрғындары Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған әуе бомбасын залалсыздандыру операциясы салдарынан қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

France 3 мемлекеттік телеарнасының аймақтық бөлімшесінің хабарлауынша, салмағы 250 кг бомба студенттер жатақханасының құрылысы кезінде табылған. Саперлер жарылғышы алынып тасталғаннан кейін де бомбаның тасымалдау барысында қауіпті болуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Осыған байланысты қала билігі уақытша тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдаған.

Бірнеше метро желілері және автобустық бағдарлардағы қозғалыс тоқтатылды. Жақын маңайдағы темір жолы стансасы мен теміржол депосы жабылды.

Соғыс кезінде неміс әскерлері қоршауға алған Лион қаласы 1944 жылдың 26 мамырында американдық авиацияның жаппай бомбалауын бастан кешірді. Сол күні қалаға 1,5 кг әуе бомбасы тасталған. Салдарынан 700 лиондық қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар