+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері басқа университеттерге қалай ауысады

2020 жылғы 28 қазан 11:53
Бөлісіңіз:
Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері басқа университеттерге қалай ауысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жоғары оқу орындарының жабылуы мен студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігіне байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Енді ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылған, сондай-ақ жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпестен бірден басқа ЖОО-ға ауыса алады. Бұл норма оқуларын жалғастыру барысында студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған», - делінген ведомство мәліметінде.

Қазір министрлікте білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына лицензиясы тоқтатылған ЖОО білім алушыларын ауыстыру бөлігінде қосымша өзгерістер енгізу бойынша жоғары оқу орындарынан түсіп жатқан бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар орын алса, студенттер лицензияның ықтимал кері қайтарылуын күтпей-ақ басқа ЖОО-ға ауыса алады.

«Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар мүдделі ұйымдармен келісу бойынша тиісті рәсімдерден өтеді. Министрлік жабылатын жоғары оқу орындарының студенттерін басқа ЖОО-ға ауыстыруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте студенттерді қабылдайтын жоғары оқу орындарының оқу құнын көтермеуі бойынша мәселелер шешілетін болады», - деп атап өтілген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT