Леффлер Головкиннің екі ізбасарының атын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер клиенттерінің ішінде GGG жолымен кім жүретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

— Геннадий үнемі ынтамен дайындалатын, ол жекпе-жек үшін барлығын құрбан етті. Бірақ, білесіз бе, Сергей Богачук секілді жігіттер бар – ол Головкин тәріздес, ал жасы бар болғаны 24-те. Ол туралы ойламау, оларды салыстырмау мүмкін емес. 20 немесе 24 жастағы жігіттермен жұмыс істегенде үнемі солай болады. Сонымен қатар, бізде 22 жастағы Адриан Монтойя бар. Олардың мансабы қалай дамитынын сырттай бақылаған да қызықты, - деді Леффлер.

Украиналық боксшы Сергей Богачук (14-0, 14 КО) бірінші орта салмақта жұдырықтасады. Ол WBC Continental Americas чемпионы. Мексикалық Адриан Монтойя (11-0, 9 КО) әзірге титулдық жекпе-жек өткізген жоқ.


Соңғы жаңалықтар