«Лашын» тобының әншілері Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесіне қатысуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Осы уақытта Талдықорған қаласында өтіп жатқан Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесіне Баян Мақсатқызы жетекшілік ететін «Лашын» тобының әншілері де келді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Алайда топ мүшелері тілшілерге сұхбат берген жоқ. Тойота Камри машинасына отырып, кетіп қалды. 

Естеріңізге салсақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі кеше, 18 қазан күні басталып, бүгін жалғасын тапты. Істі қарау жабық режімде өтіп жатыр. Баян Мақсатқызы 14 қыркүйек күні Қаскелең қалалық округіндегі Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған сотында өткен сот тыңдауында төбе көрсетпеген болатын.  Ал 18 қазанда басталған алғашқы сот процесіне продюсер үлкен қызы Айсəулемен, сіңлісі Бағым Мұхитдиновамен келді.  Істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Байжүнісов Берікжан Əбенұлы жүргізіп жатыр. 

Б. Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша айып тағылған.

Белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны  өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі  таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген. 

null 

Соңғы жаңалықтар