Лас суды рұқсат етілмеген жерге төккен елордалыққа айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында лас суды рұқсат етілмеген орынға төккен ассенизатор көлігінің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы ауданының полиция басқармасының табиғат қорғаушы қызметкерлері 34 жастағы ассенизаторлы вакуумды автокөліктің жүргізушісін ұстады. Ол кір суды А.Байтұрсынұлы көшесіндегі жауын-шашынға арналған кәріз жүйесіне төгіп кеткен. Жүргізушіге қатысы ҚР ӘҚБжК-тің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Жыл басынан бері кір суды белгіленбеген орынға төккені үшін 64 жүргізушіге жазаланып, оларға жалпы жиыны 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

Қалалық полиция департаменті шаруашылыққа пайдаланылған суды төгуге арналған ресми 4 орын барын еске салады. Олар:

«Алматы» ауданы – Қошқарбаев көшесі, № 72 үйдің маңында;

«Сарыарқа» ауданы – «Көктал-1» кенті, «Тұлпар» атшабарының маңы;

«Есіл» ауданы – Қорғалжын тас жолының бойы;

«Байқоңыр» ауданы – Өндіріс кенті. Автоматика.


Соңғы жаңалықтар