+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қызылордалықтардың 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды

2021 жылғы 17 қыркүйек 16:25
Бөлісіңіз:
Қызылордалықтардың 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина алу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде облыс тұрғындарының 72,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Елордада Astana Mining&Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр Эпидахуалды бағалау матрицасы: Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

«Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алу қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде вакцина алуға рұқсаты бар 291 237 адам екпенің 1-ші компонентін алды. Бұл өңір халқының 72,7 пайызын құрайды. Және 243 425 адам вакцинаның 2-ші компонентін алып, 60,7 пайызды құрап отыр. Облыс аумағында 103 вакцина алу бекеті жұмыс істеп тұр, оған 133 дәрігер және 89 қосымша маман тартылды», - деді Б. Шәменова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, спикер өңірдегі жалпы эпидахуалға тоқталып өтті.

«Бүгінде біздің облыс «сары аймақ» қатарында. Өңірде коронавирус жұқтырған 17 247 адам тіркелсе, оның 91 пайызы жазылды. Сол сияқты науқастарға арналған 1160 төсек-орын бар, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 135, қазір ондағы жүктеме көлемі 30 пайызды құрап отыр. Эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайды төсек-орын санын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, әкім орынбасары облыста дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 2 айлық қоры жасақталғанын тілге тиек етті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған облыста 3 мыңнан астам нысан «Ashyq» жүйесімен жұмыс істеп тұр.

Айта кетсек, Қызылорда облысында оқу жылы басталғалы 200-ден астам оқушы коронавирус жұқтырған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT