Қызылордалық полицейлер жолда қалған қырғызстандық жүргізушілерге көмектесті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер көлігі жолда бұзылып, тұрып қалған қырғызстандық жүргізушілерге қолұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар Ресейдің Орынбор облысынан Қырғызстанның Ош қаласына тауар тиелген жүк көлігімен бара жатқан. Ауа-райының қолайсыздығы мен техникалық ақау салдарынан көлік жарты жолда қалып қойды. Қырғызстандық жүргізушілер Қармақшы ауданындағы «Шымкент-Самара» тас жолының 1620 шақырымында тұрып қалған.

«Облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары Ғалым Оспанов пен Қаршыға Тәжбенов үш апта бойы жолға шыға алмаған жүк автокөлігінің жүргізушісіне және оның серіктесіне көмек берді. Полицейлер ақауларды жоюға, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуге көмек көрсетті. Оларды күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен. Осылайша полицейлер көлік құралын жөндеуге қолұшын созды. Шетелдік жүргізушілер ертең сапарын одан ары жалғастырады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қырғызстандық азаматтар полицейлерге алғысын білдірді.

Бұдан бұрын Алматы тұрғыны қызылордалық полицейлерге алғыс айтты
Соңғы жаңалықтар