12:42, 16 Мамыр 2020 | GMT +6
Қызылордаға Атыраудан келген 13 адамға коронавирус диагнозы қойылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Атыраудан келген 13 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір облыста індет жұқтырғандар 245 адам бар . Олардың 188-і сырқатынан емделіп шықты.
«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 13 адам анықталды. Оның 2-уі Қызылорда қаласынан болса, 2-уі Арал, 2-уі Қазалы, 2-уі Қармақшы, 2-і Шиелі, 3-уі Жаңақорған аудандарынан.
Олардың барлығы Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін облысымыздың тұрғындары. Бүгінгі таңда барлығының жағдайы бірқалыпты»,- деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.